Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Абай ауданында мал қорымдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді

Абай ауданында ауылшаруашылық малдарының жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында 4 сібір жарасының көмінділеріне және Саржал ауылдық округінің мал қорымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ветеринария басқармасынан сібір жарасының көмінділеріне 2 млн 104 мың 878 теңге және Саржал ауылдық округінің мал қорымына 1 млн 978 мың тенге қаражат бөлінді.

Мал қорымы – әртүрлі аурулардан өлім-жітімге ұшыраған немесе таралуының алдын алу мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерін тастауға арналған орын.
Аталмыш мал қорымдары ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерде бар. Бұл ауданда эпизоотиялық салауаттылықты сақтау үшін қажет.

Айта кетейік, ауданда аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Эпизоотиялық ахуал тұрақты.

https://t.me/rsk_abay

Осы айдарда

Back to top button