Абай облысыСемейТОП

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Семейдегі көпір астындағы кеңістікпен танысты

Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қазіргі жағдайымен танысу үшін Семей қаласының сол жағалауындағы көпір астындағы кеңістікте болды.

Бұл жер 12 мың шаршы метрден астам аумақты қамтиды және келушілерге демалуға арналған. Көпір асты кеңістігіне көрермендерге арналған екі трибуна, балалар ойын алаңдары, фитнес-аймақ және баскетбол алаңдары кіреді. Осылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен бос уақытты тиімді өткізуге арналған. Кеңістікті құру арқылы бұқаралық спортты насихаттауға және күнделікті дене жаттығуларымен еркін айналысуға баса назар аударылды.

Кеңістіктің эстетикалық тартымдылығы 1850 шаршы метрді құрайтын көптеген көркем элементтер мен суреттермен ерекшеленеді. Қосымша безендіруге архитектуралық жарықтандыру, тас төсеніштер, EPDM бар тартан жабыны және аумақты көгалдандыру кіреді. Кеңістіктің маңызды элементі – жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиев жасаған «Ғашықтар» ескерткіші.

Спорт алаңдарында муралдар салынған, сонымен қатар фуд-корттар, отбасылық мейрамхана орналасқан. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вандализммен күреске бағытталған учаскелік полиция пункті мен бейнебақылау камераларын орналастыру көзделген.

Сондай-ақ, жалпы ауданы 5000 шаршы метр жолды асфальтталып, 370 метр жерге тротуар салынды. Кешенді көгалдандыру да қарастырылған. Мердігерлердің айтуынша, жергілікті ауа-райына байланысты көпжылдық өсімдіктер отырғызылды.

Айта кетейік, 2024 жылы қаланың 50 ауласын абаттандыру, сондай-ақ 4 қоғамдық кеңістікті қайта жаңғырту жөнінде ауқымды жұмыстар жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button