Абай облысыТОП

Үржар ауданы астық жинау науқанына дайындық үстінде

2024 жылы Үржар ауданындағы егіс көлемі 109 789 гектарды құрайды. Оның 34 929,2 гектары дәнді дақылдар, 44 164,9 гектары майлы дақылдар, 27 883,8 гектары мал азықтық дақылдар. Сондай-ақ 263,7 гектар картоп, 1396,4 гектар көкөніс, 1151 гектар бақша дақылдарына бөлінген.

Бүгінде бидай ору жұмыстары басталып, 628 гектар алқап шабылды. Алдын ала өнім көлемі 6217 тоннаны құрайды.

Өңірде астық жинау науқанын өткізу үшін 342 комбайн, 612 жүк көлігі, 1132 трактор тіркемесі, 18 астық тазалайтын техника, сондай-ақ 31 бірлік ЗАВ-20 және ЗАВ-40 астық тазалайтын техника жұмылдырылды. Одан бөлек 14 Пектус, 2 САД-10, 2 МУЗ-16, 40 ОВС-20 және әртүрлі қуаттағы 10 бірлік астық кептіретін техника жұмысқа дайын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button