Абай облысыДенсаулық

Бородулиха ауданында медициналық нысандардың құрылысы жүруде

Бородулиха ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа медициналық мекемелердің құрылысы басталды.

Бүгінде Ауыл және Успенка ауылдарында медициналық пункт, Жаңа Шүлбі ауылында дәрігерлік амбулатория құрылыстары жүргізілуде. Жобалар әртүрлі кезеңдерде іске асып жатыр. Ауыл және Успенка ауылдарындағы құрылыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарда бар. Жаңа Шүлбіде дәрігерлік амбулаторияны салу үшін дайындық жұмыстары басталып кетті.

Сонымен қатар, медициналық мекемелердің құрылысымен қатар олардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым жасалуда. Авторлық қадағалау қызметтері жөнінде келісімдер жасалып, құрылыс жұмыстары мен техникалық қадағалау бойынша мердігерлер анықталды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Жаңа медициналық мекемелер заманауи құралдармен жабдықталып, сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button