Абай облысыТОП

Облыс тұрғындары МӘМС жүйесі жайлы ақпарат ала алады

Абай облысының цифрландыру басқармасы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және «iKomek 109» жедел әрекет ету қызметі арасында МӘМС тақырыбындағы аудиороликтерді оператордың жауабын күту режиміндегі абоненттерге тегін тарату туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – облыс тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабарлап, тараптардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Бұл ақпараттық жұмысты қамтуды едәуір кеңейтуге және МӘМС туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Енді оператордың жауабын күту режимінде тұрған абоненттер МӘМС жүйесі туралы пайдалы ақпаратты қамтитын 20 секундтық аудиороликтерді тыңдай алады.

Меморандумды іске асыру жөніндегі жұмыс Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың тапсырмаларын орындау шеңберінде жасалады. Ол халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне белсенді тартуға және ақпараттық жұмысты күшейтуге бағытталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button