Абай облысыТОП

Абай облысында 108 шетелдік Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды

Абай облысының көші-қон қызметі басқармасы жыл басынан бері шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 108 рұқсат берді.

Көші-қон қызметі басқармасына Ресей Федерациясының 47 жастағы азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұру туралы өтінішпен жүгінді.

Құжаттарды тапсыру кезінде ол құжаттарды тапсырудың мақсаты Абай облысының аумағында күтімді қажет ететін егде жастағы анасы тұратындығын түсіндірді.

Көші-қон қызметі тарапынан заң шеңберінде өтініш берушінің барлық дәлелдері мен себептері зерделеніп, қысқа мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта Ресей азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алды.

Елімізде тұрақты тұруға рұқсат алған ер адам Абай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында анасының қасында тұруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button