Семей

Қаланы абаттандыру: Қаланың басты даңғылының жаңа көрінісі

Семейді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қаламыздың ең басты даңғылдарының бірі саналатын Шәкәрім және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында қоғамдық кеңістік пайда болады.

Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов мердігерлік ұйым өкілдерімен аталған аумаққа барып, қоғамдық кеңістікті абаттандыру мәселелерін талқылады.

Қала әкімі сәулет бөлімінің басшысына «Восход» дүкені алдындағы жазғы дәмхана мен павильондарды демонтаждау бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл даңғылдар қаланың орталығы болғандықтан, бұл аумақты абаттандыру міндетті болып табылады.

Сондай-ақ жұмыс тобы аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше мекенжайды аралады. Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге тек сапалы материалды пайдаланып, жұмыс күшін арттыруды тапсырды. Айта кету керек, биыл Семей қаласында 46 аула аумағы абаттандырылады. Жұмыстар Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button