
KAZ Minerals тобы халықты жаппай вакцинациялауды қолдау үшін осындай акцияны іске қосты. Акция ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
– Коронавирустық вакцинаның екі компонентін де алатын кәсіпорынның барлық қызметкерлері қолында вакцинация паспорты бар болса, бұл сертификатты сыйлыққа ала алады, – деді KAZ Minerals Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев. – Және «Sulpak» кез келген дүкенінде осы сомаға тауар сатып ала алады.
Сертификаттарды алу үшін сіз өз кәсіпорныңыздың қызмет немесе кадрлар бөлімінің өкілдеріне вакцинация паспортын ұсынуыңыз керек.
Сондай-ақ, компания вакцинацияны қолдау бойынша түрлі акцияларға қарамастан, азаматтар өздері үшін вакцинацияның қажеттілігін түсінуі керек екенін атап өтті.
Semey News