Алтай қаласында монша, отын қора өртеніп кетті
ШҚО Алтай қаласында пешті орнату және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан жер үй өртенді, деп хабарлайды Semey News.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 маусымда Алтай қаласының өрт сөндірушілеріне Спортивная көшесі бойында жер үйде өрт орын алғаны туралы хабарлама түсті. Үй иесі монша жаққан. Біраз уақыттан кейін мұржадан от жалыны шыққанын, ал монша ішінің түтіндегенін көрген.
Үй иесі өрт сөндірушілерді шақырған және өздігімен өрттті сөндіруге әрекет жасаған. Алайда қатты жел отты ұшырып, үйдің және көмір қораның шатырына тараған. Өрт сөндірушілермен 124 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Монша, отын қора өртеніп кетті, үй жартылай өртенді. Өрттің шығу себебі – пешті орнату және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам және 4 бірліктегі техника жұмылдырылды. Үй иесі ҚР ӘҚК 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Semey News