Абай облысыТОП

Көкпекті ауданында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде

«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында биыл Абай облысы, Көкпекті ауданы, Ақ ой ауылында су құбыры желілерінің құрылысы басталды.

Жоба еліміздің барлық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

Жобаның құны 482 миллион 824 мың 920 теңгені құрайды, ал мердігер “KazConstructionGroup”ЖШС. Жоба аясында 10 000 метр су құбыры желісі салынады.

Қазіргі уақытта Ақ ой ауылында қажетті құра-жабдықтар мен техника бар, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанға 6 бірлік техника мен 12 адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ шілде айында Биғаш ауылында су желілерін тарту жұмыстары басталды.

Барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ақ ой ауылында 263 адам болса, Бигаш ауылында 68 тұрғын үй мен 1 мектеп бар.

https://t.me/rsk_abay

Осы айдарда

Back to top button