Абай облысыСпортТОП

Жас спортшылар Азия, Африка және Океания чемпионатында жүлделі орын алды

Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Петр Мельников пен Денис Лазарек пауэрлифтингтен Азия чемпионатында жүлдегер атанды.

5-13 шілде аралығында Оңтүстік Африканың Почефструм қаласында пауэрлифтингтен Азия, Африка және Океания чемпионаты өтті. Жарысқа Жапония, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Солтүстік Африка сияқты 12 елден 150-ден астам спортшы қатысты.

Азия чемпионатында Петр Мельников үш дүркін Азия чемпионы және қола жүлдегері атанса, Денис Лазарек үш күміс медаль жеңіп алды.

9, 11-сынып оқушылары чемпионатқа үш жылдай дайындалды. Халықаралық аренаға шықпас бұрын Қазақстан Республикалық чемпионатында бақ сынады. Денис зілтемірді жатып көтеруден ІІІ орын, Петр тұрып көтеруден ІІІ орынды иеленді.

Жаттықтырушылары пауэрлифтингтен аға жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Азияның бірнеше дүркін чемпионы Андрей Алтайбаев және пауэрлифтингтен спорт шебері, Азияның бірнеше дүркін чемпионы Азия мен әлемнің екі дүркін чемпионы Марина Алтайбаева.

Енді жас спортшылар осы жылдың күзінде Семейде өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына дайындалуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button