Денсаулық сақтау

Egov.kz порталында міндетті медициналық сақтандыру жарналарын қалай тексеруге болады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін көмек алу үшін қазақстандықтар жүйеде сақтандырылған болуы керек. Ал, ол үшін не істеу керек:

Соңғы 12 айда міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлемеген болсаңыз немесе үлкен қарызыңыз болса:
* Ешқашан төлемегенсіз бе? Жылдық жарналарды алдын ала төлеп, сақтандырылыңыз.
* Бірнеше айлық қарызыңыз бар ма? Оны төлеп, МӘМС жүйесіне мүше болыңыз.

Жарналарыңыз бен қарыздарыңызды қалай білуге ​​болады?
1. Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіңіз.
2. Негізгі бетте «Денсаулық сақтау» бөлімін табыңыз.
3. «Медициналық көмек» бөлімін ашыңыз.
4. «Қызметтер» қойындысын толығымен кеңейтіп, «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдардың және (немесе) жарналардың аталған сомалары туралы ақпаратты беру» бетін табыңыз.
5. Сіздің атыңызға соңғы бір жылдағы міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналардың түскені туралы анықтама алу үшін қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.

Сау және сақтандырылған болыңыз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button