Абай облысыТОП

Мақаншы, Жаңасемей аудандарында мансап орталықтары ашылды

Мақаншы және Жаңасемей аудандарында Абай облыстық Еңбек мобильділігі орталығының филиалдары ашылды. Орталықтардың басты міндеті – халықты жұмыспен қамту. Ауылдар мен елді мекендердің тұрғындары енді жұмыспен қамту шаралары, қайтарымсыз гранттар алу, кәсіптік оқыту және қоныс аудару бағдарламалары туралы ақпарат алу үшін Мансап орталығына хабарласа алады.

Орталықтың мақсаты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін азайту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Анықтама үшін: Абай облысында 12 мансап орталығы бар. 1 шілдедегі мәлімет бойынша, мансап орталықтарына 15 856 адам жүгінген. 2024 жылы 23 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, оның ішінде 6 312 адам тұрақты, ал 5 871 адам субсидияланатын жұмысқа орналастырылады. Бүгінгі таңда облыста 13 321 жұмыс орны ашылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінбек. Жыл басынан бері 484 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдірсе, оның 234-і жұмыспен қамтылды. Олардың 71-і тұрақты жұмысқа, 163 адам субсидияланған жұмысқа орналасты. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 67 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 20 адам жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды. 4 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button