Абай облысыТОП

Абай облысында Памуккале университетінің филиалы ашылады

Alikhan Bokeikhan University мен Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Памуккале университеті арасында PAU-ABU филиалдық кампусын құру туралы меморандумға қол қойылды. Семей қаласындағы Памуккале университетінің болашақ филиал кампусы өңірдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға маманданатын болады.

Филиалдың білім беру мүмкіндіктері бірлескен қос дипломдық бағдарламаларды («1+3», «2+2», «3+1») немесе келесі бағыттар бойынша бакалавр (4 жыл) + магистратураны (2 жыл) қамтиды: филология, педагогика, бизнес және экономика, ақпараттық технологиялар, инклюзивті білім беру мен оқыту әдістерін дамыту, аутист спектрдегі ауытқуы бар балалармен жұмыс (АСБ). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына кеңес беру және педагогика, психология, жасанды интеллект және денсаулық сақтаудағы менеджмент салалары бойынша университет аралық кластер құру.

Екі университет арасындағы стратегиялық ынтымақтастық білім беру мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, мәдени алмасу мен ғылым мен ииновацияның, екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ұзақ мерзімді бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button