Абай облысыТОП

Ақсуат ауданында ойын алаңдары пайдалануға берілді

Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа Ақсуат аудан орталығындағы «Көкжайдақ» және «ПМК» шағын аудандарында балалар ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырып және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен ойын алаңында балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ сияқты ойын құрылғылары орнатылған. Ата-аналар да балаларды енді оындай ойын алаңдарында ойнайтындарына қуаныштарын білдірді.

Айта кетерлігі Ақсуат ауылының әр ықшам ауданынан өткен жылдан бері жиыны 10 балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button