Covid-19ШҚОТОП

ШҚО-да күнделікті негізде шектеу шараларын сақтау бойынша рейдтер жүргізілуде

Шығыс Қазақстанда облыстық бас санитарлық дәрігерімен бекітілген шектеу шараларын бұзушылықтар анықталуда, деп хабарлайды Semey News.

3 маусымда Өскемен қаласында мониторингтік шаралармен 158 нысан қамтылды, шектеу шараларын бұзудың 4 фактісі тіркелді. Өндірілген айыппұлдар жоқ.
Семейде 240 нысанға тексеру жүргізілді, соның ішінде “жылу картасына” кіретін 232 нысан. 8 маскалық режімді бұзушылық анықталды. Сомасы 87 510 теңгені құрайтын  1 хаттама толтырылды. Өндірілген айыппұлдар жоқ.
Шемонаиха ауданында 74 кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізілді, 1 бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтік шаралар Курчатов, Риддер қалаларында, Абай, Аягөз, Бородулиха, Глубокое, Зайсан және Үржар аудандарында да жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button