Абай облысыСпортТОП

Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиадаға аттанады

Абай облысында алдағы Олимпиада ойындарына қатысуға бір жолдама бар. Ол грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсыновқа тиесілі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

87 келі салмақ дәрежесінде белдесетін жерлесіміз Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының 5 орын иегері (2023 жыл), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2022, 2024 жыл), Токио олимпиадасының қатысушысы.

Облыста 58 спорт түрін қамтитын 46 аккредиттелген спорт федерациялары белсенді жұмыс істейді, олардың ішінде 22 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес, 6 ұлттық және 6 паралимпиадалық. Облыстың 23 спорт мекемесіндегі спортшылар саны 15 мыңнан асады. 2023 жылы мұнда 10 жаңа спорт мекемесі ашылды. Оның 6-ы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша болса, үшеуі спорт клубы.

Әр түрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасында Абай облысының 453 спортшысы бар, олардың ішінде: 153 ересек, 129 жастар және 171 жасөспірімдер. 2023 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 2 875 медаль жеңіп алды.

2024 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша облыс спортшылары 1 356 медаль жеңіп алып, жоғары нәтижелермен қуантуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button