СемейТОП

Семейде Ұлттық домбыра күні жоғары деңгейде аталып өтті

Семей қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Әлихан Бөкейхан ескерткіші маңынан басталып Мәңгілік ел көшесі бойымен Ертіс өзенінің жағалауына дейін домбырашылар шеруі өтті. Шеруге қалалық мәдениет Сарайының шығармашылық ұжымдары, білім саласының мамандары, ақындар, жастар ұлттық киімде 200-ден астам домбырашылар қатысты.

Сондай-ақ, бүгін күні бойы мәдени іс-шаралар, танымдық көрмелер ұйымдастырылып, орталық алаңда күні бойы ұлттық күй қойылды.

Ал кешқұрым Ұлттық домбыра күніне орай Ертіс жағалауында “КҮМБІРЛЕ, АСЫЛ ДОМБЫРА» атты мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламаға Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншілері, «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі, сондай-ақ Семей қалалық мәдениет сарайының «Семейтау» фольклорлық ансамблі 50-ге жуық ұлттық күйлер мен әндерді орындады.

Ашық аспан астында 3 сағаттан астам уақытқа созылған мерекелік шараны 2000-нан астам көрермен тамашалады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button