СемейТОП

Семей қаласының әкімі аулалардың абаттандырылу жұмыстарын тексерді

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов бірқатар маңызды нысандарды аралап, қаланың абаттандырылу және инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ол 2-ші ықшам ауданы мен Затаевич 31, Жайық 3/1, Тельман 149 және Шәкәрім 15 мекен-жайларында болды.

Әкім аталған мекен-жайларда жүргізіліп жатқан аулаларды абаттандыру жұмыстарын егжей-тегжейлі қарап, тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындар аулалардағы ойын алаңдарының сапасын арттыру, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және жарықтандыруды жақсарту секілді мәселелерді көтерді. Нұрбол Нұрсағатов тұрғындардың барлық ұсыныстарын назарға алып, тиісті мекемелерге осы мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, әкім Дулатов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын да бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жол жөндеудің сапасы мен уақытылы аяқталуына ерекше көңіл бөлінді. Әкім мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын арттыруды және жол сапасын қатаң бақылауды тапсырды. Жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуы тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысы үшін маңызды екенін атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button