Covid-19СемейТОП

Семейде коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда

Бастапқыда вакцинация ресейлік "Спутник V" вакцинасымен жүргізілді. Енді тұрғындар қазақстандық "Qaz vac" және БАӘ-де жасалған "Hayat vac" вакцинасын таңдауға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Семей қаласының №12 емханасында үш мыңнан астам отбасы вакцинациядан өтті, деп хабарлайды Semey News.

– Бізде “Спутник V” және “Hayat vac”вакцинасының екі түрі бар. Егілгеннен кейін шағымдар байқалмады. Дене қызуының көтерілуі қалыпты жағдай. Әркімнің қалауы бойынша 21-ден 45 күнге дейін егіле алады. Уақыт өте келе вакцинацияға көбірек адамдар келе бастады. Демек, сенімділік пайда болды, вакцинаға деген сенім артты, – дейді Семей қ. №12 емханасының психологы Надежда Быковская.
Бір апта бұрын емхана филиалы Қарағайлы шағын ауданында ашылды. Сондай-ақ, мұнда егу пункті де бар.
– Жақында Қарағайлы шағын ауданында қосымша егу пункті ашылды. Онда бір апта бұрын облыс әкімдігінің қолдауымен біздің емханамыздың филиалы ашылды. Қазір мұнда 10-ға жуық адам жұмыс істейді, – дейді № 12 емхананың дәрігері Сайра Айтхожина.

Вакцинаны өз еркімен алуға шешім қабылдағандардың бірі 77 жастағы Дмитрий Рубан болды.
– Мен бір жыл бұрын коронавируспен ауырдым.Отбасымның қауіпсіздігін ойлау мақсатында вакцинаның екі компонентін де алды. Өзімді қалыпты сезінемін, – дейді Дмитрий Рубан.
Айта кетейік, вакцинация жалғасуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button