Абай облысыТОП

Абай облысында өзен, көлдердегі қауіпсіздік шаралары талқыланды

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Абай облыстық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Күн тәртібінде шомылу маусымы кезеңінде өзен, көлдерде қауіпсіз демалысты ұйымдастыру шаралары қаралды. Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сәйкес, облыс аумағында су жағасында демалуға арналған 12 орын анықталған, оның 4-і 2024 жылы құрылған. Ал сегізі коммуналдық жағажайлар.

Суға шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқыс жағдайлардың алдын алу үшін Департамент 2024 жылдың жазғы кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Осы жоспар аясында облыстың барлық қалалары мен аудандарында полиция қызметкерлерінің, еріктілердің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін күнделікті рейдтер кестесі жасалды. Шомылу маусымы басталғаннан бері 1 092 рейд өткізілді.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 178 тыйым салу белгілері қойылды. Алайда, бүгінде олардың 58-і бұрын белгіленген орындарда жоқ.

«Шомылу маусымы бойы өзен, көлдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жауапты қызметтердің іс-қимылдарын тұрақты бақылау және үйлестіру қажет. Тұрғындар үшін қауіпсіздік, әрі қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. оның ішінде балаларға аса сақ болуымыз керек. Ол үшін әр мектептегі ата-аналар комитеті арқылы күнделікті чаттар мен мессенджерлерге ескертулер таратуды, жергілікті телеарналар арқылы сақтық шаралары туралы хабарлауға тиіспіз. Облысымыздағы өзен, көлдер жағалауларындағы қауіпсіздік шаралары күн тәртібінен түспеуі керек. Департамент пен әкімдер барлық кемшіліктерді ескеріп, мұқият бақылау жүргізсін», – деді әкім.

Сонымен қатар, әрқайсысы екі адамнан тұратын 31 жаяу патруль, оның ішінде төтенше жағдайлар департаментінен 26 патруль және 68303 әскери бөлімінен 5 патруль қойылған. Олардың барлығы құтқару кеудешелерімен және ысқырықтармен жабдықталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button