
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 4 маусымда 15 сағат 20 минутта Бесқарағай ауданында «Семей орманы» РММ 5 га алаңдағы орман алқабында найзағайдың түсуіне байланысты өрт шықты. Өткен жылғы екпелер мен бұталар өртенді. Өрт төмен және жүгіртпелі болды.
Өрт орнына Сосновка орманшылығының және ШҚО ТЖД қызметкерлері жедел келді. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 32 адам және 11 бірліктегі техника жұмылдырылды. Орманшылармен өрт ошағының айналасына жалпақтығы 4 метрге жететін 4 жолақ жер жыртылды. Өрттің таралуы тоқтатылды, көрші аудандарға тарау қауіп жоқ.
Күннің ыстығына және құрғақшылыққа байланысты Бесқарағай ауданында 5 сыныпты өрт қауіптілігі жарияланды.

Semey News