ҚазақстанТОП

ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алу рәсімі басталды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысушыларды қарсы алу рәсімі басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен алғашқы болып Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар қол алысып, суретке түсті. Осыдан кейін Президент мәртебелі мейманды конференция залына шығарып салды.

Қарсы алу рәсімінің соңында ұйымға мүше мемлекеттерден келген делегациялардың басшылары бірлесіп суретке түседі.

Айта кету керек, Іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы, ШЫҰ Бас хатшысы мен ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры, ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button