Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы жұмыстар жүргізу жалғасуда

Жалпы жоспарланған 77,2 мың га аумақтың 69,0 мың га өнделді. 19 жер үсті және 1 аса жеңіл авиация жұмылдырылған.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық методика орталығымен бірлесе мониторингтік тексерулер жүргізіп, қосымша 14 130 га алаңда саяқ шегірткелердің таралуының жаңа ошақтары анықталып, өңдеу жұмыстары жүргізілуде. (Семей – Қарауыл, Семей – Курчатов, Семей – Знаменка тас жолдарында (3 бағытта) саяқ шегірткелерді арнайы препараттармен өңдеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 1 770 га өңделді, барлығы 7 бірлік техника жұмылдырылды).

2 шілде күні Үржар ауданы Үржар өзені бойында орналасқан Елтай, Егінсу ауылдық округтеріне карасты 70 га аумақта Азиялық шегірткелердің таралу ошағы анықталды. Қазіргі уақытта бір аса жеңіл авия техникасы барлық препараттармен сол аумаққа жіберілді. Жауын-шашын тоқтаған кезде өңдеу жұмыстары басталады.

Жағдай тұрақты бақылауда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button