
“3 маусымда Батыс-2 ауданында көппәтерлі үйдің бесінші қабатынан 7 жастағы бала құлап кетті. Кәмелетке толмаған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде баланың анасы бірнеше минутқа дүкенге кеткен, ал бала ол кезде ұйықтап жатқан”, – деді аймақтық полицияның баспасөз қызметі өкілі.
Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов баланың тұрақты-ауыр халде екенін айтты.
“Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты-ауыр. Жансақтау бөлімінде бақылауда болып, ем алады. Есін біледі. Ол жабық ми жарақатын, өкпе, бүйрек, бауыр жарақаттарын алған. Оң жамбасында сынық бар. Балаға операция қажет емес”, – деді ол.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полиция тұрғындарға терезеге қойылатын торды мұқият таңдауды ұсынады. Бала өз еркімен терезені аша алмайтындай құлып немесе қорғаныс қойылу керек.
Semey News