СемейТОП

Halyk банк семейліктерге жаңа футбол алаңын сыйлады

Акция бүкіл ел бойынша банктің жүз жылдығын тойлау аясында өтті. Маусым айының басында Семей қаласында Halyk банктің жүз жылдығына орай қалаға сыйға тартылған жаңа шағын футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Halyk банк басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов, жас спортшылар мен «Елімай» футбол клубының өкілдері қатысты.

Шәкәрім атындағы университеттің спорт кешенінің аумағында шағын футбол алаңы салынды.
Айта кету керек, «100 игі іс» акциясы аясында халық банк жаңадан құрылған үш облысқа: Ұлытау, Жетісу және Абай облысына шағын футбол ойнауға арналған алаңдарды сыйға тартты.

«Құрметті Семей қаласының тұрғындары , жас спортшылар біз осындай спорт алының ашылғанына өте қуаныштымыз. Halyk банк осындай тамаша футбол алаңын қаламызға сыйға тартып отыр. Осы орайда банкті 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын»,– деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, қала әкімі өз сөзінде Halyk банктің арқасында өңіріміз чемпиондардың туған жеріне айналып, жаңа облыстың мәдениетін дамытуға маңызды қадам болатынын да атап өтті.

Ашылу салтанатына қала тұрғындамен қала қонақтары қатысты.

«Былтыр банкке 100 жыл толды. Осындай атаулы датаға орай біз «100 игі іс» акциясын жариялап, оның аясында білім, мәдениет, экология және республика бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Елмізде жас чемпиондар өссе екен деп тілеймін», – деді Halyk банк басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button