Денсаулық сақтау

Сапалы медициналық көмек көрсету және дәрілік препараттармен қамтамасыз ету – медициналық сақтандыру қорының басымдықтарының бірі

Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі қазақстандықтарды медициналық қызметтермен және препараттармен қамтамасыз етеді.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін аурулар тізіміне бронх демікпесі де енгізілген.

Бронх демікпесі – тыныс алу кезінде тұншығу, ентігу, жөтел, сондай-ақ кеуде қуысының қысылу белгілері тән тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Аурудың негізінде бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге гиперреактивтілігі жатыр.

Бронх демікпесінің себептері:
– Генетикалық бейімділік. Туыстарында демікпе немесе аллергиялық аурулардың болуы ауру қаупін арттырады.
– Аллергендер. Тозаң, жануарлардың жүні, шаң, көгеру және кейбір тағамдар талмаға әкелуі мүмкін.
– Инфекциялар. Тыныс алу жолдарының вирустық инфекциялары, әсіресе балалық шақта, қоздырғыш болуы мүмкін.
– Экологиялық факторлар. Ауаның ластануы, темекі түтіні және химиялық заттар симптомдарды күшейтуі мүмкін.
– Жаттығу және стресс. Қарқынды физикалық белсенділік немесе стресстік жағдайлар да талманы тудыруы мүмкін.

Демікпені емдеу мүмкін болмаса да, алдын алу шаралары (мысалы, аллергенді жою) және ингаляциялық препараттар арқылы демікпесі бар адамдар ауруын бақылауда ұстап, қалыпты, белсенді өмір сүре алады, жаттығулар жасай алады.

Демікпе диагнозын қою кезінде адамды учаскелік дәрігер диспансерлік есепке алады. Яғни, d-есептегі пациенттер созылмалы аурудың жағдайын бақылау үшін үнемі физикалық тексеруден өтеді. Сонымен демікпесі бар әрбір пациент ауруды бақылауға мүмкіндік беретін негізгі терапия препараттарын алуға құқылы.

️МӘМС аясында өткен 2023 жылы 2500-ден астам пациент 83 млн 600 мың теңгеден астам сомаға рецепт алды. Ағымдағы жылы тек 5 айдың ішінде шамамен 37 млн теңге төленді – бұл рецепттермен 5 мыңнан астам пациент қамтамасыз етілген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button