Абай облысыТОП

Абай облысында Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияныңкезекті отырысы өтті

Бүгін Абай облысы әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев төрағалық етті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Отырыста облыстық комиссияның биылғы қызметі қаралды. Сондай-ақ, Семей қаласы мен Жарма ауданындағы Мемлекеттік рәміздердің жай-күйі, оларды пайдалану және насихаттау мәселелері талқыланды.

Облыста барлық әкімшілік-аумақтық мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуына мұқият бақылау жүргізіледі. Тұрақты бақылау талаптарға сай болуға көмектеседі. Әділет департаментінің мәліметінше, облыста мемлекеттік рәміздерді қолданатын 895 мекеме бар.

Мемлекеттік рәміздердің талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және халық арасында наразылықтың алдын алу үшін 79 адамнан тұратын арнайы жұмыс тобы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізеді.

Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау туралы әдістемелік нұсқаулық пен жадынама әзірленіп, таратылды. Қазақстандық патриотизмді нығайту мақсатында мәдени-бұқаралық іс-шаралар, көрнекі үгіт құралдары, дәстүрлі БАҚ пен әлеуметтік-медианың әлеуеті кеңінен пайдаланылады.

Дәстүрлі түрде негізгі іс-шаралар Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында ұйымдастырылады. Биыл – 100 ден аса шара өтті.

Олардың ішінде 1000-нан астам адам қатысқан мемлекеттік Гимнді бұқаралық орындау, Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру, флэшмобтар, вело және автошерулер, көрмелер мен танымдық шаралар бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button