Абай облысыТОП

Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғындары көлдің жағасын тазартты

Бородулиха ауылында Үлкен көлдің жағалауын тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен сенбілікке қатысушылар 100-ден астам қап қоқыс жинады.
Сенбілікке аудандық мәслихат депутаттары, түрлі ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары белсенді қатысты. Олар бірлесе бір жарым гектар жағажай аумағын қоқыстан тазарта алды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүкіл ел бойынша өтуде. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

– Мұндай акцияларды өткізу өте маңызды. Тазалық әрқайсымыздан басталады. Алдағы уақытта демалушылар табиғатқа аса ұқыпты қарап, көл жағасында қоқыс қалдырмайды деп үміттенемін, – дейді Бородулиха ауылының тұрғыны Мейрамгүл Атаева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button