СемейТОП

Нұрбол Нұрсағатов абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады

Бүгінгі таңда Семей қаласын абаттандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және қала әкімнің бақылауында. Нұрбол Нұрсағатов реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарға барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ең алдымен, қала басшысы құтқарушылар саябағын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Саябақта ТЖМ қызметкерлеріне арналған арнайы экспозициялық композиция қойылатын болады. Сонымен қатар, тұрғындар үшін демалыс орны, балаларға арналған ойын алаңқайы жасалады. Алаңға жақын орналасқан көп қабатты үйге құтқарушылардың құрметіне мурал салынады. Қазіргі таңда саябақтың брусчаткаларын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қала әкімі Семейде №1 емхананың алдында орналасқан дәрігерлер алаңы да абаттандырылып жатқанын атап өтті.

“Дәрігерлер саябағына композициялық мүсін қойылып, тренажерлар мен ойын алаңдары жабдықталады. Оның ішінде емханаға келушіл науқастарға қолайлы орындар жасалады. Емхана алдындағы жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір бұл жерде қураған ағаштарды қырқып, саябақ ретке келтірілуде”, – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Дәрігерлер алаңындағы жұмыстарды тексергеннен кейін жұмыс тобы 35 квартал 6, 343 квартал 1,2,3 ауланы абаттандырумен танысты. Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге басталған жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button