Абай облысыТОП

Жаңа Шүлбі ауылында блок-модульді қазандық пен 1,1 шақырым жылу желісінің құрылысы басталды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында атқарылған жұмыстардың нәтижесі, сондай-ақ алдағы перспективалар ұсынылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Өткен жылғы кездесулердің нәтижесінде көптеген өзекті мәселелер шешілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Біз ағымдағы және алдағы бес жылға арналған барлық жоспарды сәтті жүзеге асырудамыз. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Біздің даму бағытымызды айқындайтын Кешенді даму жоспары қабылданды», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Бородулиха ауданы минералды-шикізат ресурстарына бай: мыс, мырыш, алтын және күміс. Өнеркәсіп секторын дамыту шеңберінде 2028 жылға дейін облыста 7 мың жұмыс орнын құру, 2 трлн теңге сомасына 22 жобаны іске асыру жоспарлануда.

«Бородулиха ауданы – облысымыздың маңызды ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі. Сонымен қатар, мұнда орман алқаптары бар. Өткен жылы бәріміз қиын кезеңді бастан өткеріп, табиғи қиындықтарға қарсы тұрдық. Ауданның барлық тұрғындарына белсенділігі мен азаматтық ұстанымы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында біз қарағайлы орманына жас көшет отырғызып жатырмыз. Осы акцияға қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Бұл бір реттік науқан емес, тұрақты ісімізге айналуы керек» – деді әкім.

Халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттырудың негізгі факторы – тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту. Желілердің тозуын төмендету мақсатында 41,2 км су құбыры желілері қайта жаңартылды, бұл желілердің 51% тозу көрсеткішін 49,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 102 жоба іске асырылмақ. Оның ішінде блок-модульді қазандық және Жаңа Шүлбі ауылында 1,1 шақырым жылу желісінің құрылысы, сондай-ақ ауданның үш ауылында көше жарығын орнату жұмыстары бар.

Кездесу соңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті. Әкімнің жеке қабылдауында болған әр азаматқа толық жауап қайтарылып, қойылған сұрақтарға қатысты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button