СемейТОП

Биыл Семейдегі Степной кентінің 5 көшесіне жарықтандыру жүргізіледі

Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов бүгін Степной кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар көшелерді жарықтандыру, тротуарларды салу, жолдарды грейдерлеу сұрақтарын көтерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тұрғындар сұрағын мұқият тыңдаған Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы Степной кентінде атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырды.

Қазіргі таңда «Талдықорған Архитектура» мердігерлік ұйымымен Степной кентінің Машиностроительная, Мұқыр, Топографическая, Просторная, Жасыл Орман көшелерінде сыртқы жарықтандыру құрылғыларына шарт жасалды. Жарықтандыру жұмыстары күз маусымында аяқталады.

Бұдан бөлек, № 30,31,32,33 екі қабаттты тұрғын үйлердің аулалаларына балалар ойын алаңы мен футбол алаңы жабдықталады. Степной кентінде жолдарды грейдерлеу жұмыстары да жоспарланған.

Айта кетейік, 2023 жылы 17 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу қазандықтарына қосылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button