ҚазақстанПрезидентТОП

Президент келешекте ашылатын ірі өндіріс ошақтарын атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде шетелдік инвесторлардың Қазақстанда қандай өндіріс ошақтарын ашатынын айтты.

«Кейінгі жылдары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен елімізде экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған әрі қаржыландыру көлемі үлкен ондаған, тіпті жүздеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Алматы облысында 2026 жылы әлемге әйгілі Pepsico компаниясының Орталық Азиядағы ең ірі зауыты ашылады. Биыл Шымкентте түркиялық серіктестермен бірлесіп, ірі жылыжай кешені құрылысының бірінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Қытайлық әріптестермен Абай облысында жылына 300 мың тонна мыс қорытатын зауыт салу туралы келісімге қол жеткізілді. Жобаның бастапқы құны – 1,5 миллиард доллар, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Атырау облысында полиэтилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенін салу жоспарда бар екенін еске салды.

«Менің тапсырмаммен Үкімет еліміздің батыс аймақтарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін жедел шаралар топтамасын әзірлеп жатыр. Оның нәтижесі көп күттірмейді деп ойлаймын», – деді Президент.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button