Абай облысыТОП

Теректі ауылындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Көкпекті ауданы Теректі ауылында кентішілік көшелердің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 4 км 120 м болатын бес көше жөнделмек, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жөндеу жұмыстарын «Көкпекті жолдары» ЖШС орындайды. Жоба аясында Бөгенбай батыр көшесіндегі (1360 м), М.Мақатаев көшесіндегі (700 м), Бірлік көшесіндегі (860 м), Мәметек көшесіндегі (540 м) және Ш. Қалдаяқов көшесіндегі (660 м) жолдар жаңартылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ ауылдарды тұрақты дамытуға бағытталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button