Абай облысыТОП

Абай облысының мектеп түлегі «Үздік жас сарбаз» атанды

С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай халықаралық Айбын әскери патриоттық жастар жиыны өтті. Оған 6 мемлекеттен 700-ден аса жас сарбаз қатысты. Облыстың мектеп түлегі Олжас Самархан 750 қатысушының ішінен топ жарып «Үздік жас сарбаз» атанды.

Олжас – Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның биылғы түлегі. Ол Абай облысының «Абай Қырандары» командасында өнер көрсетіп келеді. 9-сыныптан бастап АӘД мұғалімі Серік Түсіповтың жетекшілігімен «Жас Қыранға» қабылданды.

Облыстық, республикалық сайыстарда көп жетістікке жетті: «SMART SARBAZ» – І орын, «Айбын дарыны» – І орын, Ак-74 қаруын жартылай бұзып-жинақтаудан – І орын, ОЗК киюден – І орын, кермеге тартылудан – ІІ орын.

Олжас Самархан – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің толық грант иегері. Сондай-ақ робототехникадан Индонезияда өткен халықаралық чемпионатта үлкен жетістікке жетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button