Абай облысыОқиғаСемейТОП

Семейде селитра сақтайтын үлкен қойма өртенді

Семей қаласында шамамен 1000 шаршы метр алаңда қойма жанды. Оның ішінде аммиак селитрасы, консерв содасы сақталған, – деп хабарлайды Semeynews.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойманың жалпы ауданы — 4500 шаршы метр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жергілікті жерде ТЖМ күш-құралдары 03:29 кезінде жалынды ауыздықтады.

Таңғы 05:05 шамасында өрт толық сөндірілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button