Семей

Семейде 2 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №2,4 мектептерге барып жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Мектеп басшылары қала әкіміне жөндеу жұмыстарын таныстырып, жаңа оқу жылына дайындықтары туралы баяндады. Өз кезегінде Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге бірқатар ескертулер жасап, олқылықтарды тез арада ретке келтіруді тапсырды.

“Жұмыстарды шілде айының ортасына дейін бітіру қажет. Жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтаңыздар. Жаңа оқу жыла дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалуы керек”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, 2024 жылы 2 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр: (№2 ЖОББМ – мектеп ғимаратының электр жарығын күрделі жөндеу, № 4 ЖОББМ – ғимарат шатырын күрделі жөндеу (2023 жылдан бастап ауыспалы жоба). Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстары 50 мектепте, 155 жобада қарастырылған (оның ішінде қазандықтарға, жылыту жүйелеріне, ғимараттың шатырына ағымдағы жөндеу жүргізу, терезелер мен есіктерді, спорт залдарын, жарықтандыруды және т.б. жөндеу).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button