Абай облысыТОП

Абай облысының Төтенше жағдай департаменті ұшқышсыз ұшу аппаратын өз жұмыстарына қолданбақ

Төтенше жағдай департаменті жұмысына ұшқышсыз ұшу аппараттары биыл енгізілді. Бұл – құтқару саласындағы жаңашылдық.

Қазір шомылу маусымы қызу жүріп жатыр. Қауіпсіздік сақтамаса жазатайым оқиғаларда болуы заңдылық.

Абай облысының Төтенше жағдай департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов биылғы жылдың өзінде судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 12 азаматқа айыппұл салынғанын атап өтті.

– Өткен жылдардағы оқиғаларды талдауды ескере отырып, Абай облыстық ТЖД биылғы шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Су айдынында 8 патруль, жағалау бойында 14 жаяу патруль жұмыс істейді. Олардың барлығы қауіпсіздіктің алдын-алуымен айналысады және демалушыларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіреді. Егер адамдар дұрыс емес жерлерде шомылса, әкімшілік шаралар қолданылады. Биыл 12 әкімшілік айыппұл салынды, оның 10 – ы дұрыс емес жерлерде, қараусыз шомылған балалардың ата-аналарына салынды, – деді Манарбек Шапағатов.

Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін құтқарушылар дауыс зорайтқыштары бар, дрондарды пайдаланады. Олар қарапайым қауіпсіздік ережелерін таратады және үлкен диапазонға ие.

– Сондай-ақ профилактикалық жұмыс үшін біз судағы қарапайым қауіпсіздік ережелері таратылатын дауыс зорайтқышпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу апаратын қолданамыз. Биыл талдау жүргізгеннен кейін біз жағажайлардың санын көбейту керек деген қорытындыға келдік. Қазір Семейде екі коммуналдық жағажай жұмыс істейді. Қала әкімдігі де осымен жұмыс істеп жатыр, – деп атады басқарма басшысы.

Сондай-ақ, Манарбек Шапағатов Семейліктер жиі шомылатын жерлерде арнайы ескерту белгілері орнатылғанын айтты. Алайда бұл белгілерді орнату үлкен мәселеге айналған. Құтқарушылар орнатып кеткен бір-екі күннің ішінде белгілер жоғалып кетеді екен. Басқарма басшысы облыс тұрғындарына белгіленген белгілерге қол тигізбеу туралы өтініш білдірді.

– Жағалау аймағын қарауылдау үшін өрт сөндіру қызметінің еркін күштерін тартамыз. Біздің міндетіміз – қайда шомылуға болатынын және қай жерде болмайтынын түсіндіру, жедел құтқару. Сонымен қатар, жазатайым оқиғалардың тізімі берілген белгілі бір жерлерде тыйым салу белгілері бар. Қазір 17 белгіні орнаттық. Жағажайдағы қатаң бақылау күн сайын жүргізіледі, – деп қорытындылады Манарбек Шапағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button