Абай облысыТОП

Абай облысында ХҚКО қызметтерін үйге барып көрсетеді

Жыл басынан бері Абай облысының ХҚКО қызметкерлері үйге барып 588 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Мұндай қызмет түрін тек бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ҰОС ардагерлері ала алады.

ХҚКО қызметкерлерін үйге шақыру үшін ерекше қажеттіліктері бар азаматтар немесе олардың өкілдері Бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шала алады. Қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біле алады және өтінім қалдыра алады. Осыдан кейін клиентке қолайлы уақыт белгіленеді және ХҚКО қызметкері қызмет көрсету үшін шығады.

Айта кетейік, Абай облысында паспорт пен жеке куәлікті алу, сондай-ақ ҚР халқының тұрғылықты жері бойынша тіркелу үйге барумен ең сұранысқа ие қызметтер болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button