Семей

Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қала әкімінің бақылауында

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласындағы аула аумақтарын абаттандыру бойынша әкімдіктің бөлім басшыларымен кезекті көшпелі кеңес өткізді

2023 жылы Семейде 71 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. 2024 жылы қаланың 46 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Оның ішінде 14 аула, 4 қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Қала басшысы аула аумақтарын абаттындыру жұмыстары басталған Қашаубаев 7а, Утепбаева 1, Байтурсынова 78, Сорокина 34, мекенжайларына барды.

Көшпелі кеңес нәтижесінде мердігер ұйымдарға, сондай-ақ қала әкімдігінің бөлімдеріне процесті бақылау, сондай-ақ барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button