Абай облысыТОП

Семейлік студенттер «Сәтбаев» Универсиадасында жеңіске жетті

Абай облысы білім басқармасының Геологиялық барлау колледжі командасы Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Сәтбаев» Универсиадасына қатысып, жүлделі І орын иеленді. Іс-шара 2024 жылғы 10-16 маусым аралығында ҚазҰТЗУ Қаратау полигонында өтті.

Тапсырмалар мазмұны мен күрделілігі «Геология» бағыты бойынша бакалавриат жоғары білім беру бағдарламасына бағытталды. Лагерь орнату, далалық маршруттар, тас материалды таңдау, бақылау нүктелерін түсіру мен топографиялық сынама алу, камералық деректерді өңдеу, геологиялық карта жасау, материалдарды қорғау және интеллектуалды ойын сияқты әртүрлі конкурстық кезеңдерді қамтыды.

Жарысқа 8 команда қатысты. Атап айтсақ: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті, Назарбаев Университеті, Академик А. С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті, Каспий Университеті және Геологиялық барлау колледжі.

3-курс студенттерінен құралған колледж командасы жеңіске жетті. Бұл жетістік студенттердің жоғары дайындығы мен кәсіби деңгейін көрсетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button