Абай облысыМерекеТОП

Абай облысының әкімі тұрғындарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ұлық мейрам – адамзаттың рухани жаңғыруының, имандылық пен ізгіліктің айқын көрінісі. Құрбан айт – достықты, бауырмалдықты, мейірімділікті дәріптейтін ерекше күн.

Бұл күні мұсылман қауымы бір-біріне құрмет білдіріп, қайырымдылық пен жомарттықтың үлгісін көрсетеді. Ұлтымыздың дәстүрлі құндылықтары нығайып, еліміздің ауызбіршілігі мен тыныштығы сақтала берсін.

Құрбан айт мерекесі әр шаңыраққа амандық пен құт-береке әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, бейбіт өмір тілеймін!

Ізгі ниетпен, Нұрлан Ұранхаев

Осы айдарда

Back to top button