Абай облысыТОП

Жарма технологиялық колледжі мамандарды даярлау үшін жаңа жабдықтар алды

Жарма технологиялық колледжінің инфрақұрылымы жаңғыртылып, материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Колледжде «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу», «Экскаватор-машинисі» жұмысшы мамандығын даярлау шеңберінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев және «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басшысынан 161 млн теңге қаржылай көмек алды.

Қомақты қаржы «HD785-7 Kamatsu самосвалына Forword», «KamatsuPC-2000 карьер экскаваторына Forword» тренажерлерін сатып алуға жұмсалды.

Әзірге Қазақстандағы «жалғыз саналатын» құрылғыларды енді Жарма технологиялық колледжінің студенттеріне оқу процесінде пайдалана алады. Жаңа жабдық мамандарды даярлау сапасын едәуір жақсартып қана қоймай, Жарма ауданының Тау-кен өнеркәсібінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button