Абай облысыТОП

Абай облысының әкімі Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті. Іс-шараға облыс мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, депутаттар мен БАҚ өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында өңір басшысы Семей қаласының тарихы мен өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, облыс құрылғаннан бергі жетістіктер туралы айтып берді. Сонымен қатар, инфрақұрылым, білім беру және денсаулық сақтауды дамытудың, өңірдің тұрақты экономикалық өсуі үшін инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің облысымызға жуырда екі жыл толды. Әр салада тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алматы секілді мегаполистен үйренеріміз көп. Басқа өңірлермен ынтымақтастық орнату облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев облыс әкіміне қонақжайлық танытқаны үшін алғысын білдіріп, Семейден алған әсерімен бөлісті.

«Мен бұған дейін де Семейде болғанмын. Қала айтарлықтай өзгерген. Шаһарды көркейтіп, абаттандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқаны қуантады. Семей тұрғындары өз қалаларын мақтан тұта алады. Біз алдағы уақытта Абай облысын одан әрі дамыту үшін тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деді Мейіржан Батырбекұлы.

Кездесу аясында Алматы қаласы мен Абай облысының мәслихаттары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат тәжірибе алмасуға, өзара түсіністікті нығайтуға, мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыруға, болашақта бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button