СемейТОП

Семей қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығының есігі қарияларға әрқашан ашық

Белсенді өмір сүру орталығында қызмет алушылар емдік дене шынықтыру сабақтарын, медициналық қызметтер, еңбек терапиясы, тілдік курстардан өтіп, сондай-ақ, би, домбыра үйірмесіне, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Сонымен қатар, скандинавиялық серуендеуге шығып, үстел ойындарын да ойнай алады. Бұл бөлімше аптасына 100-ден астам зейнеткерлік жастағы адамдарға қызмет көрсете алады.

Айта кетейік, “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” қаланың оң жағалауында, 2021 жылдың қараша айынан бері жұмыс атқарып келеді. Ал, сол жағалауда орналасқан орталық биыл қала әкімінің тапсырмасымен қаңтар айында ашылды.

Орталықтың негізгі мақсаты – зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу.

Қала әкімі  Нұрбол Нұрсағатов «Абай облысы Семей қаласының №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»  КММ  -нің  мекемесінде болды. Жұмыс барысында қала басшысы  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының материалдық –техникалық негіздерімен танысты.

«Осы жерде қарияларымызға, қажетті күнделікті белсенді өмір сүруіне арналған барлық жағдайлар жасалып отыр. Алдағы уақытта арнайы зерттеу жүргізіп, халық көп шоғырланған қаланың әртүрлі аудандарында 7-8 орталық ашу жоспарымызда бар. », – деп атап өтті Серік Жұмаділов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button