
2 маусымда Семей қаласында 384 нысанға тексеру жүргізілді, олардың ішінде «жылу картасына» кіретін 227 нысан қамтылды. 9 бұзушылық анықталды. Толтырылған хаттамалар және өндірілген айыппұлдар жоқ.
Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, 72 нысан тексерілді. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдында болған рейдтік шараларда анықталған маскалық режімді бұзу бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен сомасы 43 755 теңгені құрайтын 1 айппұл салынды.
Алтай ауданында 140 нысанға тексеру жүргізілді. 1 бұзушылық анықталды.
Шемонаиха ауданында 73 нысан тексерілді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері анықталған жоқ. Бір тұлғаға сомасы 43 755 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар рейдтік шаралар Курчатов қаласында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Глубокое, Зайсан, Күршім және Ұлан аудандарында да жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News