
Өткен жылы жол қызметтерімен жасалған қиылыстардағы жанама жолдар қала көшелерінің тығыздығын төмендетуде жоғары тиімділігін көрсетті.
Қазіргі уақытта Сәтпаев даңғылы мен Рейш көшесінің қиылысында, сондай-ақ Сәтпаев даңғылы мен Байбатчин көшесінің қиылысында осы жанама жолдар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік құралдарының кідірісін қысқартуға және жол жүрудің жайлылығын арттыруға бағытталған.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Өскемен қаласының аумағында 17 осындай оң жақты қосымша жол жұмыс істейді.
Бұл жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіледі.
Semey News