Абай облысыТОП

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты департаментке 300 өтініш түскен

Тұтынушылар шағымдарында талап еткен қаржы көлемі 12,0 млн тенге шамасында болса, оның 10 815 060 млн. қайтарылған. Ең көп шағым-арыздар жеке сауда жасауға байланысты түскен. Атап айтқанда Абай облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне түскен шағым саны – 138. Осы өтініштер бойынша тұтынушыларға 6,9 млн теңге қайтарылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ербол Қуанышев айтты.

  • Тұрғындар тарапынан көбінде тауарды кері қайтарып алмау, сапасыз тауарларға қатысты болады. Сонымен қатар, тұрмыстық қызметтерге қатысты – жиһаз жасау, жөндеу, есік, терезелерді жасауға қатысты. Соңғы кездері интернет саудаға қатысты шағымдардың саны артуда, – деді спикер.

Сонымен қатар, республикада “Сапалы өнім” жобасы іске асырылуда, оның аясында түрлі тауарларға зерттеулер жүргізілуде.

  • Орталықтандырылған электрондық шағым кітабының аналогы болып табылатын “Е-тұт” тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ақпараттық жүйесі бар. Мұнда кез-келген азамат “бір терезе” қағидаты бойынша кәсіпкерлерге шағымдана алады. Екі тарап та тұтынушылардың шағымдарын қараудың барлық процестерін еш қиындықсыз бақылай алады. Егер сатушы сатып алушылардың шағымдарын қарау мерзімін бұзса, онда бұл туралы ақпарат мемлекеттік органға жіберілуі мүмкін, – деп атап өтті Қалдығүл Раймбекова.

Тұтынушылар өз шағымдарын мына мекен-жайға жібере алады: Семей қаласы, Абай көшесі, 99 немесе Семей қаласы, Чехов көшесі, 35, “Нұр” СҮ, 2 қабат, 10 кабинет мекенжайы бойынша “Қорғаушы” тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамына жүгінуге болады.

  • Бес ай ішінде республика бойынша бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша өнімнің 436 түрі зерттелді. Оның ішінде 154 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтерді бұзушылықтар анықталды, олардың ішінде ТҚҚК жәрдемдесуімен – 40 түрі.Атап айтқанда, біз өнімнің санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі (мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, май – қышқыл құрамының сәйкес келмеуі, бактериялардың табылуы) сияқты бұзушылықтар туралы айтып отырмыз.Сондай-ақ, тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 12 декларацияның күші жойылды. Қазіргі уақытта тұтынушылардың, ішкі нарықтың және отандық өндірушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған “Сапалы өнім” әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді, – деп толықтырды Ербол Қуанышев.

Облыста азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді. 2024 жылы 44 отырыс өткізілген, сондай-ақ, облыста ӘМАТ бағасын ұстап тұру үшін “үй жанындағы” дүкендерден базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды бақылайтын 152 мониторингтік топ жұмыс істейді.

  • Биыл бес ай ішінде 57 кәсіпкерлік субъектісінің қарым-қатынасында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, қорытындысы бойынша 56 кәсіпкер Ішкі сауда саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп қорытындылады Ербол Қуанышев.

«Қорғаушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалдыгүл Хасенқызы Раймбекова атап өткендей, тұтынушылар тауарлар мен қызмет көрсету сапасына шағымдарды қолма-қол ғана емес, сонымен қатар ҚР ИІММ тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің telegram-боты арқылы жібере алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button