СемейТОП

Семейде өрт-тактикалық жаттығулары өтеді

Семей қаласында өрт-тактикалық жаттығулары өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ТЖ департаменті хабарлауынша, 2024 жылғы 10 маусым күні Семей қаласында Аюченко көшесі, 1 мекенжайы бойынша “Восточный” көлік базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау органдарын сауда кәсіпорындарында және адамдар көп шоғырланатын жерлерде өртті жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындық мәселелері пысықталатын болады.

Облыс тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және шараға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарына назар аударуларын өтінеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button