ШҚОКриминалТОП

Өскеменде тұратын борышкер анықталды

Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне 32 жастағы азаматтан жеке кәсіпкердің пайдасына 16 033 389 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының 08.12.2020 жылғы қаулысы келіп түсті, деп хабарлайды Semey News.

Арыз иесінен іскерлік қарым-қатынаста болған танысы 16 000 000 теңге көлемінде қарыз алған.

Борышкер барлық соманы 2018 жылдың қыркүйегінде қарыз шарты бойынша бірден алған және құжатқа сәйкес ол қарызды үш айдың ішінде, яғни сол жылдың қазан айында қайтаруы керек болған. Алайда, қарыз алушы соманың бір бөлігін қайтармай, екі жыл бойы өтініш берушіден жасырынып келген.

2020 жылдың соңында жәбірленуші ақша қаражатын өндіріп алу үшін сот орындаушысына жүгінген.

Борышкердің тұрғылықты мекенжайында тұрмағандықтан, оған  іздеу жарияланды.

Іздестіру барасында көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласында тұратын борышкерді анықтады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қаражатты  өндіріп алу үшін сот орындаушысына борышкердің орналасқан жері туралы мәліметтерді жіберді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button